Шымкентте ерекше балалары бар ата-аналар одағының филиалы ашылды

75

Шымкентте ерекше балалары бар ата-аналар одағының филиалы ашылды. Орталықтың ерекшелігі-балалалардың диагнозын бөліп жармай барлығына бірдей көмек көрсету. Әсіресе мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған аналарға қолдау беруді мақсат еткен. Жетекшілердің айтуынша, мұнда жас ерекшелегіне де шектеу жоқ.

Қарлығаш Еспенбетова бүгінде екі ерекше бала тәрбиелеп отыр. Ол балаларының мүмкіндігін шектемей, тең қоғамда өмір сүргенін қалайды. Алайда, барлығы бірдей түсіністік таныта бермейді деген ол кейде ана жүрегін жабырқататын жандардар да кездесетінін айтады. Мұндай ойдан арылып, баласына тиісті көмек алу үшін Қарлығаш ерекше балалары бар ата-аналар одағының Шымкенттегі филиалына келіпті.

«Бізге бірінші орында морольдық жағынан өте үлкен көмек көрсетті. Біздің ерекше балаларға деген өзіміздің балаларға деген қарым-қатынасымыз жайлы әңгімелер айтып, қолдау береді. Одан бөлек іс-шаралар болады. Бұл бізге деген үлкен мүмкіндік. Себебі ерекше балалармен сыртқа шығу өте қиын. Бізді қоршаған ортаның қабылдауының өзі қиын. Кейбіреулер дөрекі сөйлеп жатады. Соның бәрі ерекше балалардың ата-анасына қатты әсер етеді. Ал бұл орталықта шектеуді қою үшін көп көмек береді. Сондықтан көп-көп рақмет»,-дейді Қарлығаш Еспенбетова.

Ерекше балалары бар ата-аналар одағының филиалы алғаш рет үшінші мегаполисте ашылған. Ал бүгінде Қазақстан бойынша 18 түрлі диагнозы бар балаларға 14 орталық қызмет көрсетеді. Жыл соңына дейін мұны 20-ға жеткізу жоспарда бар дейді одақ жетекшісі. Жалпы, орталықта мүмкіндігі шектеулі перзент тәрбиелеп отырған аналарға кез-келген қызмет түрі арқылы қолдау көрсетіледі.

Рауана Сағадиева, Ерекше балалары бар ата-аналар одағының жетекшісі:
«Әр қалада өкінішке орай, бізде орын тапшы. Осы коррекциялық орталықтарда, оңалту орталықтарында, реабилитация орталықтарында. Осы сияқты мәселелерді көтеріп, бас қосып, жергілікті әкімдікпен осы мәселелерді көтеріп жатырмыз. Жалпы 80 пайыз ерекше бала тәрбиелеп отырған аналар жалғызбасты. Оларды жұмыспен қамту проблемасы да бар. Олардың дамуы үшін де жағдай жасалу керек».

Статистикаға сүйенсек, елде қазіргі таңда 742 мың мүмкіндігі шектеулі жан бар. Ал оның 171 мыңы 18 жасқа дейінгі балалар екен.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сай тең қоғам құру мәселесі бүгінде жергілікті жерде оң шешімін тауып келеді.

Орталық мекен-жайы: Шымкент қ, Аймауытов көшесі 130, Тең қоғам орталығының 1-қабаты