Кәріс ұлтының Қазақстанға жер аударылғанына 85 жыл толды. Осыған орай Шымкентте «Кәріс этносының мәдениет күні» өтті. Онда жәрмеңке ұйымдастырылып, ұлттық тағам түрлері таныстырылды. Шара соңы Корей этномәдени бірлестігі ұйымдастырған концерттік бағдарламаға ұласты.
Шымкенттік «Моранбон» ансамблінің мүшесі Елена Кимнің әкесін 1937 жылы Қиыр Шығыстан Қарағандыға депортацияланған. Ол кезде ата-анасы небәрі 27 жаста болған екен. Елена әжей әкесін «нағыз қыстың аязды уақытында азық-түлік пойызымен ашық далаға әкеп тастағанда бізді жергілікті қазақтар аман алып қалды» деп қашан да айтып отырушы еді деп еске алды.
Елена Ким, “Моранбон» ансамблінің мүшесі: “Бүгін Шымкент қаласында Кәріс ұлтының үлкен мерекесі өтіп жатыр. Біз өте бақытты жандармыз. Себебі осы жерде бір шаңырақ астанда тату-тәтті, өзіміздің ұлттық болмысымызды, салт-дәстүрімізді, тіліміз мен мәдениетімізді сақтап өмір сүрудеміз. Біздің ата-анамызды Қиыр шығыстан 22 сағаттың ішінде алып шыққан. Кейін Орта Азия елдеріне күштеп әкеп тастапты. Біз басында Қарағандыда тұрдық, кейін Ташкентте біраз жыл болдық. Ал енді өзім Шымкентте тұрып жатырмын”.
Биыл кәріс этносының Қазақстанға департацияланғанына 85 жыл толды. Осыған орай өткізілген іс шарада корей этнос өкілдерінің қиын-қыстау заманда қалай аман қалғанын бейнелейтін деректі фильмнен үзінді көрсетті.
Шымкенте 8 жарым мың кәріс этносының өкілі өмір сүреді. Олардың бәрі де қазақ елінде, тең қоғамда, бейбіт аспан астанда тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Сондықтан да Корей этномәдени орталығының басшысы Роза Пак «Қазақстан ортақ Отанымыз» дейді.
Роза Пак, Шымкент қалалық корей этномәдени бірлестігінің төрайымы: “1937 жылы Сталиндік жылда зорлап көшкеніне 85 жол болды. Сол қиын уақытта қазақ халқы нанымен, суымен бөліскеннен біз аман қалдық. Биыл 6 ұрпақтарымыз өмір сүріп жатыр. Қазақстан біздің Отанымыз, еліміз деп санаймыз. Қазақ еліне Корей энто мәдени орталығының атынан басшысы ретінде рақмет айтып, бас иемін”.
Шараға Ресейден және Алматы, Астана қалаларынан арнайы қонақтар келіп қатысты. Ал «Корей этносының мәдениет күніне» жергілікті корей этномәдени бірлестігі ұлттық ән мен биін көрерменге паш етіп, халық ықыласына бөленді.
Мемлекет басшысының ұлттар достығын дәріптеу қажет деген тапсырмасының жарқын көрінісі осы.