Шымкентте жылу маусымына дайындық жұмыстары пысықталды

40

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен жылу беру маусымына дайындық бойынша жиналыс өтті. Жиында үшінші мегаполистің қыс маусымына қаншалықты дайын екендігі пысықталды.

Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, бүгінде қаладағы 18 жылу қазандығы түгел дайын және көмір қоры жеткілікті. Сонымен қатар басқарма басшысы Боранбай Болатбеков өз баяндамасында инфрақұрылымдық жүйелер дайындығы, оның ішінде Игілік, Жиделі, Сайрам тұрғын алаптарында сапалы электр қуатымен қамту мақсатында бірқатар жұмыстары, сонымен қатар «КазТрансГаз Аймақ» АҚ тарапынан газ қысымымен өлшеу жұмыстары, және де «Су ресурстары — Маркетинг» ЖШС-не қарасты су құбырларын қайта жаңарту жұмыстары толық орындалғанын айтты.

Сонымен қатар, сала жауаптылары қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің дайындығына тексеру жұмыстарын жүргізгенін жеткізді. Тексеру барысында бірнеше үйде мүлде дайындық жүргізілмегені анықталған. Олар: Еңбекші ауданына қарасты «Теріскей» шағын ауданында екі тұрғын үйде; Әл-Фараби ауданына қарасты Ғани Илеяв көшесінде бір тұрғын үйде; Түркістан көшесіндегі бір тұрғын үйде.

Ал, қала басшысы Мұрат Әйтенов сала басшылары мен мамандарына жедел түрде аталған аудандардағы кемшіліктерді ретке келтіруді тапсырды. Сондай-ақ жекеменшік электр қуатын тарататын кәсіпкерлердің қысқа дайындығын анықтау мақсатында арнайы комиссиялық топ құру қажет екенін айтты. Ал, тапсырмалардың орындалу барысын жүйелі түрде баяндап отыруды басқарма басшысы Боранбай Болатбековқа тапсырды.

Шаһар басшысы ПрезидентҚасым-Жомарт Тоқаевтың тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бойынша берген тапсырмасын орындау қажет екенін атап өтті. Ал ол тек сапалы қызмет көрсету керекпіз деді Мұрат Әйтенов.