Шымкенттегі ең жас ауданда да инфрақұрлым мәселелері толық шешілуге жақын

50

Шымкент қаласына қарасты Қаратау ауданы 2023 жылы сапалы электр энергиясымен 100% қамтылады. Бүгінде 24 елдімекеннің 17-сі жарықпен қамтылған. Ал қалған 7 елдімекендегі мәселе 2023 жылдың соңына дейін толық шешіледі деп жоспарланып отыр. Бұл туралы аудан әкімі Рахымберді Мүлкеманов мәлімдеді.

“Биылғы жылдың соңына дейін «Достық», «Қайнарбұлақ», «Асар-2», «Тассай», «Тұран», «Нұртас» елдімекендеріндегі құрылыс жұмыстары аяқталады. Ал 2023 жылға қарай “Бозарық”, “Қайнарбұлақ” және “Асар-2” (2-кезең) тұрғын алаптарында құрылыс басталады”,-деді аудан әкімі.

Жалпы, бүгінде ең жас ауданда 266,7 мыңнан астам халық қоныстанған. Бүгінде кезең-кезеңімен инрақұрылым мәселелері шешіліп келе жатқан ауданда ауыз сумен қамтамасыз етілген елді мекендер саны 20-ға жетті. Ал бүгінде табиғи газбен қамтылған елді мекендер саны- 18. Сонымен қатар, кәріз жүйесімен 5 елдімекен қамтылған. Су алу қаупі бар орындарға және 378 көшеге ирригациялық арық орнатылған.

Былтырғы жылы сапалы ауыз сумен қамту бойынша “Көмешбұлақ”, “Асар”, “Шымсити”-ден “Достыққа” дейінгі әлеуметтік нысандар бойынша 3, кестемен “Нұртас” елді мекеніне 1, тасымалмен “Тұран”, “Асар-2” елді мекендеріне 2, жалпы саны 6 магистралды жобаның құрылысы аяқталып тапсырылған болатын.

Биыл “Нұртас су жинақтағыш” әлеуметтік нысаны бойынша 3 елді мекенде атап айтқанда,“ Қайнарбұлақ”, “Сайрам” және “Жаңақұрылыс” аумағындағы “Ақтас-2”-де құрылыс қарқынды жүргізілуде, жыл соңына дейін 1-еуі тапсырылса, 2 жоба жаңа жылға өтпелі.

2023 жылдың соңына дейін 5 нысанның құрылысы жүргізіледі.

«Бүгінгі таңда Қаратау ауданының 91,6 %- сапалы ауыз суды тұтынады. 2023 жыл соңына қарай, аталған нысандардағы құрылыс жұмыстары толық аяқталса, жергілікті халық сапалы ауыз сумен 100% қамтылады»-деді аудан әкімі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай жергілікті билік қарапайым халықтыңтың пікірін ескеріп, бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Өйткені, бұған дейін бұл ауданда инфрақұрлым бойынша бірнеше проблема көтерілген еді. Қазіргі таңда барлығы кезең-кезеңімен шешіліп жатыр.