Төлеби ауданының 90 жылдық мерейтойына орай, имамдар мен мешіт қызметкерлері арасында кіші футболдан облыстық турнир өтті. Достық кездесуде күнгей өңіріне қарасты 17 қала мен ауданнан дін саласының қызметкерлерінен құралған командалар бақ сынады.
Жеңімпаз атанғандар арнайы жүлделермен марапатталады. Алдағы уақытта ауданда футбол ойынын дамыту мақсатында спорт инфрақұрылымдарын көбейту көзделіп отыр. Қазірдің өзінде Бірінші Мамыр ауылынан заманауи үлгідегі спорттық сауықтыру кешенінің құрылысы басталды.
Шалғай елді мекендерде демеушілер мен мемлекет есебінен ашық спорт алаңдарын салу арқылы спортпен шұғылданушылар санын 2025 жылға дейін 45 пайызға өсіру жоспарланып отыр.