Түркістан: Жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 92 пайызға жетеді

55

Түркістанда облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі биыл 92%-ға артады. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов айтты.

Бүгінде облыстағы автомобиль жолдары мен елдімекен көшелерінің ұзындығы 17 509,5 шақырым. 2022 жылғы жоспарға сәйкес, автомобиль жолдары саласы бойынша өңірде 779 нысанға құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген. Оның ішінде 52 облыстық, 42 аудандық, елдімекен көшелерінен 685 маңызды нысан бар.

Жыл соңында 703 нысан немесе 1467,3 шақырым жол мен көше пайдалануға тапсырылады деп жоспарланып отыр. Жалпы, облыста сапалы жолдардың үлесі 2025 жылға дейін 99,5%-ға жеткізілмек.