Түркістанда «Е-Асхана» жүйесі арқылы оқушының қандай ас ішкенін бақылауға болады

149

Түркістан қаласының бірнеше мектебінде «Е-Асхана» жүйесі жүзеге асырылып жатыр. Бұл жүйе арқылы ата-ана баласының мектепте қандай ас ішіп жүргенін толық бақылай алады.

Сондай-ақ, баланың күнделікті тамақтануына ақша салып қояды. Ата-ана баланы жүйеге тіркегеннен соң, арнайы QR-код алады. Сол арқылы бала тамағына төлем жасайды. Нәтижесінде, ата-аналар баланың қандай ас ішкенін бақылауда ұстау мүмкіндігі бар.