Түркістанда қалалық ақындар айтысы өтті

Түркістанда Сырбай Мәуленовтың 100 жылдығына орай «Түркістаным – Тұраным» атты ақындар айтысы өтті.

Қалалық жыр додасына 10 айтыскер ақын, яғни 5 жұп қатысты. Айтыста ақындар Сырбай Мәуленовтың 100 жылдығын тақырыпқа арқау етіп, жырдан шашу шашты. Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені «Өнер» мектебінің қатысушысы Мейіржан Жарылқап еншіледі.

Ал жүлделі орын иеленген жас айтыскерлерге қаржылай сыйақы мен сертификаттар, сондай-ақ, қала әкімінің дипломы табыс етілді.