Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркі мемлекеттер ұйымы Бас хатшысының орынбасары Мирвохид Асимовпен және хатшылықтың жобалық директорларымен кездесті.
Олар Түркістанда өтетін «Табаррук-Зиярат» пилоттық жобасын іске асыру жөніндегі форумға қатысу үшін арнайы келген. Пилоттық жоба — екіжақты ынтымастықты нығайтып, туризм саласын дамытуға, туристер ағынын арттыруға бағыттылған. Форум — жобаны жүзеге асыруда туындайтын мәселелерді талқылау мақсатында мүдделі мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастықтың қатысуымен ұйымдастырылып отыр.
Сонымен қатар, іс-шараға Түркі мемлекеттері ұйымының өкілдері, Қазақстан және Өзбекстан Республикасының туризм министрлігі, кеден және шекера, ішкі істер қызметі мен туристік қауымдастық өкілдері қатысты.