Елімізде шетел валютасына сұраныс күрт төмендеген. Ұлттық банктің дерегіне сәйкес, өткен айда ел азаматтары 192 миллиард теңгеге шетел валютасын сатып алған.
Оның 148 миллиардына доллар, 4,5 миллиардына рубль, 40 миллиардына еуро, қалғанына юань мен өзге валюталарды алған. Сату-сатып алу көрсеткіші қаңтардағымен салыстырғанда 32 пайызға төмен. Оның үстіне теңгедегі салымдар артып келеді.