Жасөсіпірімнің түсірген видеосы арқылы ұры ұсталды

66

Жасөспірімдердің түсірген бейнежазбасы ұрыны ұстауға көмектесті. Жетісай аудандық полиция бөліміне арызданған әйелдің айтуынша, үйіне ұры түсіп, алтын жүзік пен білезік және 13 000 теңге ақшасын жымқырып кеткен. Жәбiрленушiге 150 000 теңге материалдық шығын келген.

Аталған дерек бірден ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды. Дәл осындай арызбен полицияға тағы бірнеше тұрғын хабарласқан. Оның біріне 230 мың тг шығын келтірген. Ал келесі тұрғын болса, үйіне жасырын кірмекші болған ұрыны байқаған, бірақ қашып кеткенін жеткізген.

Полиция қызметкерлері құлыптаулы тұрған үйде тығылып отырған адамды видеоға түсіріп алған жасөспірімдердің бейнежазбасын назарға алды. Осы арқылы күдіктінің жеке басын анықтап, ұстады. Ол Қызылорда облысының тұрғыны, жас жігіт болып шықты. Оның 6 жайт ұрлық қылмысына қатыстылығы анықталды, жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңге.

Күдікті қазіргі таңда қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.