Жолдауға қолдау көрсетумен бірге, атқарған жұмысына да есеп берді

35
 Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінде «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында қызметкерлердің, яғни бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерінің қал-жағдайымен танысып, өзекті мәселелер болса, оның шешу жолын қарастыру мақсатында «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Ж.Құрманбек және «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов арнайы кездесті.
Кездесу жиынын департамент басшысының міндетін атқарушы Ж.Ережепова және кәсіподақ төрайымы Ж.Копжасарова ұйымдастырып, оған 70-ке жуық кәсіподақ мүшелері қатысты.
Жиынның күн тәртібіне сәйкес Ж.Құрманбек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауымен және оны іске асыру шараларымен таныстырып, оның жергілікті жерде шешімін табу мәселелері, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті кәсіподақ комитетінің төрайымы Ж.Копжасарова мен «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов атқарған жұмыстары туралы өз есептерін берді.
Әлеуметтің әлеуетін арттыру үшін бүгінгі таңда кәсіподақтың атқарып отырған жұмысы ауқымды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қаладағы түрлі мәселелерді шешу үшін де біршама түйіндердің тарқатылуына септігін тигізуде.

Жиын соңында Ж.Ережепова Жолдауды толығымен қолдап, оны іске асыру бойынша тиісті іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыс атқаратынына сенім білдіріп, кәсіподақтар жұмыстарына ұжым мүшелерінің оң баға беріп отырғанын тілге тиек етіп, департамент қызметкерлерін кәсіподақ қозғалысын әрі қарай дамыта түсуге өзіндік үлес қосуға шақырды.