Әл-Фараби ауданында әкімнің 50 тапсырмасы орындалды

32

9 тапсырма бойынша әлі де жұмыс жүргізіліп жатыр. Сәулелік тұрғындар «Қазығұрт» шағынауданындағы емханаға дейін қоғамдық көлік тартылса деген өтінішін айтқан еді. Арыз хаттамаға түскен соң аймақтағы 195, 276 орамның жолдары зерделеніп, номері 96,43-інші маршруттардың қозғалыс бағыты өзгертілді.

Сонымен қатар, аймақта спорт алаңшаларын салу бойынша тапсырма берілген еді. Қазір 276 орамға құны 21 млн. теңге тұратын сметалық құжат дайындалды. Құрылыс жұмыстары ендігі жылы басталады.