Әлемдік робототехника олимпиадасында шымкенттік оқушылар топ жарды

89

Германияның Дортмунд қаласында өтіп жатқан бүкіләлемдік робототехника олимпиадасында еліміздің оқушылары 2-орынға ие болды.

Жарыста шымкенттік Ж. Жабаев атындағы №26 мектеп пен №9 IT-лицейінің оқушылары Иманғали Мыңжасар мен Бибарыс Михаш зеректігімен ерекшеленіп, жеңімпаз атанды.
World Robot Olympiad (WRO) 2004 жылдан бері өткізіліп келеді. Биыл алғашқы іріктеуден дүние жүзі бойынша 15000 команда қатысса, доданың финалдық кезеңіне 73 елден 365 команда жолдама алған болатын.
Айтып өтейік, Шымкент қаласының білім беру мекемелерінде 127 робототехника кабинеті бар, бұл шаһардағы білім ошақтарының 84,1%-ын құрайды.