Ауыл шаруашылық фермасы 500 млн-ға жуық субсидияны мемлекетке қайтарады

90

Павлодар облысының Ақсу қаласындағы ауыл шаруашылық фермасы 500 млн теңге субсидияны мемлекетке кері қайтаратын болды. Себебі «Крон-Агро» шаруашылығы жем-азық дайындайтын цехты салғанда, құрылыс талаптарын сақтамаған. Ал субсидия дәл осы нысан үшін бөлінген болатын.

Ақеділ Ибраева, Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы: «Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мен «Крон-Агро» серіктестігі арасындағы инвестициялық субсидияландыру туралы келісім құжатын сот заңсыз деп тапты. Шаруашылық енді 489 млн 788 мың теңге көлеміндегі бюджет қаражатын мемлекет есебіне қайтаруы тиіс».