Инфляция бой берер емес. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ол қазанда тағы 1,6 пайызға көтеріліп, 18,8 пайызға жетті. Бұл соңғы 25 жылдағы антирекорд.
Инфляцияның шарықтауына азық-түліктен бастап, түрлі тауар мен қызметтердің қымбаттауы себеп. Әсіресе қант, ұн, макарон өнімдері мен сүт және қарақұмық бағасының айтарлықтай көтерілгені байқалады. Бұған геосаяси ахуал, тауар тасымалының қиындауы секілді мәселелер әсер етіп отыр, дейді сарапшылар.
Мұрат Қастаев, экономист: «Инфляцияға рубльдің нығайып, Ресейден импортталатын тауарлардың қымбаттауы және мемлекеттік бюджет шығындарының көп болуы да кері әсер етіп отыр. Меніңше жыл қорытындысы бойынша инфляция 18,5% шамасында болуы керек».