Білім саласына 219,1 млрд. теңге инвестиция тартылады

46

Ағымдағы жылдың басынан қыркүйекке дейін білім саласына 219,1 миллиард теңге инвестиция тартылды. Бұл бір жыл бұрынғыдан 49,2%-ке артық, деп хабарлайды finprom.kz.

Өңірлер арасында ең көп инвестицияға Алматыға құйылды: 61,7 миллиард теңге, бір жылдағы өсім – 2,3 есе. Одан кейін Түркістан облысы (33,9 миллиард теңге, 67,8%-ке артық) және Шымкент қаласы (22,3 миллиард теңге, 20,3%-ке артық) тұр.

Үздік үштікке енген өңірлерге салынған инвестицияның жалпы көлемі 53,8%-ті құрады. Білім саласына құйылған негізгі инвестицияның үштен екісіне жуығы жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етілді: 136,5 миллиард теңге – бір жыл бұрынғыдан 64,9%-ке артық.