Биыл қаржы пирамидаларынан келген шығын 4 млрд. 700 млн. теңгеден асқан. Қаржылық мониторинг агенттігі 36 қаржы пирамидасына қатысты 118 қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Оның бесеуі халықаралық ұйым.
Заңсыз ақша жинағандардан 1200-ден аса адамға шығын келген. Ішкі істер министрлігінің алдын ала есептеуіне сәйкес, биыл зардап шеккендердің саны 4 мыңнан асуы мүмкін.
Алаяқтардың көбі қаржы ұйымдары мен банктің атын жамылып, жымысқы әрекетін жүзеге асырады. Былтыр қаржы пирамидаларына алданған 31 мыңнан аса тұрғын 54 млрд теңге шығынға батқанын еске саламыз.