Биыл Достық шағынауданында 2 686 тұрғын сапалы электр қуатымен қамтылады

4

Достық мөлтек ауданын сапалы электр қуатымен қамту жұмысы 2022 жылдың тамыз айында басталды. Содан бері аймақта 1206 электр бағанасы мен трансформатор орнатылды.

Сонымен қатар 47 шақырымнан астам электр желісі тартылды. Ал жоспардан тыс көшелерді де жарықпен қамту үшін әр 3 үйге бір электр бағанасы орнатылып жатыр. Жақын арада абоненттеу жұмыстары толық аяқталмақ. Аймақ бұған дейін жекеменшік мекемеден жарық қуатын алғандықтан тариф құны 25-30 теңге еді.

Ал енді тұрғандар электр энергиясының әр киловатына 17,9 теңгенден төлейтін болды. Биыл құрылыс толық аяқталса, Достық мөлтек ауданындағы 2 686 абонент сапалы электр қуатымен қамтылады.