Ерекше білім беру қажеттілігі бар студенттер саны 3 мыңға жетті

43
Біздің облыста мемлекеттік университеттен басқа 16 жоғары оқу орны студенттерін жатақханамен қамтуда белсенділік танытар емес

Қазақстанда колледждерде ерекше білім беру қажеттілігі бар студенттер саны артып, 3 мыңға дейін жетті. Биыл техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына 1 100-ден астам ерекше бала оқуға түсті, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Былтырмен салыстырғанда колледжді таңдаған ерекше балалар саны 300-ге артық.
Техникалық және кәсіптік білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында оқу-ағарту министрлігі ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдар үшін шектеулерді алып тастаған.
«Ерекше студенттер санының артуы колледждердің кедергісіз қолжетімді болуы және жаңа нормативтік құқықтық құжаттарды қабылдау есебінен мүмкін болды. Әрине медициналық қорытынды бойынша еңбек қызметінің қандай да бір түрі студенттерге рұқсат етілуі, не етілмеуі ескерілді. Сонымен қатар ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға әртүрлі преференциялар қарастырылған», — деді Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Ернат Жүнісов.
Сондай-ақ осы студенттермен жұмыс істейтін оқытушыларға қосымша ақы қарастырылған.
Көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған балаларды колледждерге қабылдау әңгімелесу арқылы жүргізіледі, оларға жеке аудитория беріледі және оларды педагог-ассистенттер алып жүреді. Көру және есту қабілеті бұзылған колледж студенттері жоғарылатылған мемлекеттік стипендияны алуға құқылы.