ІІМ интернет алаяқтыққа қатысты қылмыстарды ашу көрсеткішін жариялады

28

 Ішкі істер министрлігі интернет алаяқтыққа қатысты қылмыстарды ашу көрсеткішін жариялады. Криминалдық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбайдың айтуынша, жыл басынан бері 18,5 мыңнан астам қылмыс тіркелген. Соның 16-18 проценті ғана ашылды.

«18 мың қылмыс тіркелді деп отырмыз ғой. Соның ішінде 3 мыңдай қылмыс ашылды», — деді Сүйінбай орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, әрбір қылмыстың өзіндік ерекшелігі бар. Сосын интернет алаяқтықтық ұйымдастыратын адамдар көп жағдайда шетелде отырады. Сол себепті барлығын бірдей тергеу мүмкін емес.
Айта кетері, жыл басынан бері алаяқтар Қазақстан азаматтарын 15 миллиард теңгеге алдап кеткен. Әсіресе, банк қызметкерлері мен құқық қорғау органдары атынан қоңырау шалатын алаяқтардың әрекеті үлкен алаңдаушылық туғызып отыр. Олар нөмірді ауыстыратын арнайы бағдарламаны қолданады. Сонда өзінің ұялы телефон нөмірі көрінбейді.
Ондайда алаяқтар есепшоттағы күдікті операциялар немесе біреудің кредит рәсімдеуге тырысып жатқанын айтады. Сосын арнайы операцияның басталғанына сендіріп, есепшоттағы немесе депозиттегі ақшасын «қауіпсіз сақтандыру есепшотына» аударуға көндіреді