Оқиға 2022 жылдың 15-қарашасында, кешкі сағат 18:54-те орын алған. Төрт ай бұрын танысқан танысы құны қымбат «Iphone 13» ұялы телефондарын көтерме бағамен әкеп беремін» деп, алдап соққан.
Әл-Фараби АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті жердің 36 жастағы тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, сырттай танитын танысы: «Алматы қаласынан арзан бағаға заңды түрде жаңа «Iphone 13» маркалы ұялы телефондарының 50 данасын алып беремін» деп 4 млн. теңгесін заңсыз иемденіп кеткендігін жазып көрсеткен.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Тәртіп сақшылары жүргізілген жедел іздестіру іс-шарасы барысында күдіктінің ізін суытпай, бір тәулік ішінде қала аумағынан қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Жасы – 21-де, жұмыссыз.
Қазіргі кезде ұсталған азамат өз кінәсін толықтай мойындап отыр. Айғақты зат тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Полицейлер күдіктінің басқа да осы тектес жайттарға қатысы барын анықтауда. Тергеу амалдары жүргізілуде.