Казино ойнаған әскери қызметшілерге қатысты қызметтік тексеру басталды

66

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов казино ойнаған әскери қызметшілерге қатысты пікір білдірді. Бас прокуратура жариялаған тізімде 95 әскери қызметші бар.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде тізімге іліккен әрбір әскери қызметшінің аты-жөні белгілі. Қызметтік тергеу басталды. Министрдің сөзіне қарағанда, казиноға барған әскери қызметшілер көп ақша ұтылмаған. Олар ойын-сауық мекемесіне білместіктен баруы мүмкін.

Қорғаныс министрлігі алдағы уақытта әскери қызметшілер арасында отбасылық бюджетті жоспарлау және жүргізу бойынша оқыту курстарын өткізуді жоспарлап отыр.