Мемлекеттік қызметкерлер казинода жарты миллиард ұтылған

39

Ұлттық экономика министрі казинода жарты миллиард теңге ұтылған мемлекеттік қызметкерлерге қатысты пікір білдірді.

 

Әлібек Қуантыровтың айтуынша, құмар ойынға құныққан мемлекеттік қызметкерлердің қосымша табысы немесе жинағы болуы мүмкін. Өйткені, олардың ұтылғандары табысынан көп. Десе де, мұны құзырлы органдар анықтауы тиіс. Еске салайық, екі апта бұрын Алматы облысының прокуратурасы 305 мемлекеттік қызметкердің казино ойнап, 507 миллион теңге ұтылғанын мәлімдеген еді. Қазір тексеру жүріп жатыр.