Мемлекет басшысы биылғы қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Ел болашағына арналған стратегилық инвестиция» атты үшінші бағдарында ұлт саулығын жақсартуда келелі ой, жүйелі тапсырмалар берді. «Еліміздің басты құндылығы – адам» деп бастаған Президенті Ұлт саулығын жақсарту арқылы қоғамды орнықтырудың жолдарын ұсынды. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамитынын да айтты.
Бүгінде Шымкенттегі емханаларда жүйелі жұмыстар атқарылуда. Тұрғындардың ең көп өтініш жасайтын саласы болғандықтан аталған мекеме басшыларынан халық алдында есеп беруі ұйымдастырылды жуырда.
Шымкент қалалық №8 емхананың бас дәрігері Альменов Серғазы Түймебайұлы медициналық мекеменің 9 айында атқарылған жұмыстары бойынша халық алдында есеп берді. Аль-Фараби ауданының әкімшілігінде өткен есепті жиынға емханаға қарасты елді мекендердің тұрғындары қатысты.
«Емханаға 32465 мыңнан астам адам тіркелген. Тұрғындарға қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсетуде бірқатар жұмыстар атқарылды. Мекеме жаңа медициналық құрылғылармен жабдықталды, науқастарды қолдау жұмысы күшейтілді. Атап айтсам, «Осында және қазір» қағидасы бойынша фронт-кеңсе ашылды. Онда тұрғындардан тоғыз айда 137 ұсыныс қаралып, сараланып шешімі табылды. Ашықтықпен жұмыс істеуде фронт кеңсесі тұрақты жұмыс істеп келеді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде үлкен жетістіктерге қол жеткіздік», деді Серғазы Түймебайұлы.
Бас дәрігер сонымен қатар тоғыз айда мекеменің кадрмен қамтамасыз етілуі, мамандардың біліктілігін арттыру, мобильді бригада, күндізгі стационардың жұмысы жайында толық мәлімет беріп, алда атқарылатын жоспарлармен бөлісті. Сыбайластыққа жол бермеу, халықпен ашық жүйеде жұмыс жасауда бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Жиын соңында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Атқарылған жұмыстарды тыңдаған тұрғындар ризашылықтарын білдірді.