Парламент Сенатының депутаттығына үміткерлерді ұсыну бүгін басталады

57
сенат

Парламент Сенатының депутаттығына үміткерлерді ұсыну  бүгін  18:00-де басталады. Орталық сайлау комиссиясы кандидаттарға қойылатын талаптарды жариялады.

Үміткер Қазақстан Республикасының азаматы, соңғы 10 жылда елде тұрған, жасы 30-дан асқан болуы керек. Сондай-ақ, жоғары білімі мен 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі болып, оны ұсынған аймақта кемінде 3 жыл тұруы тиіс. Сенат сайлауына еліміздің 20 өңірінен бір-бір депутат ұсынылады. Сенат депутаттарының сайлауы екі әдіс бойынша өтеді. Біріншіден, саяси партиялар және өзге де қоғамдық бірлестіктер мәслихат өкілі арқылы кандидатураларды ұсынады. Екіншіден, үміткерлер өзін-өзі ұсыну арқылы сайлауға қатыса алады. Сенат сайлауы 2023 жылдың 14-ші қаңтарында өтеді.

Константин Петров, ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары: «Сайлауалды үгіт-насихат науқаны 19 күнге созылады. Ол кандидаттарды тіркеу аяқталған күннен бастап, сайлауға бір күн қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат 24:00-де аяқталады. Яғни, үгіт-насихат жұмыстары 24 желтоқсан күні сағат 18:00-ден келер жылғы 13 қаңтар күні 24:00 сағатқа дейін өтеді».