Қазақстанда қара шай 20 процентке жуық қымбаттады. Енді оның бір келісі орта есеппен 4500 теңге шамасында тұрады.
Ең қымбат шай елорда, Қызылорда, Шымкент, Алматы және Ақтау қалаларында. Ең төмен баға Жезқазған қаласында, мұнда келісі 3 943 теңгеден сатылып жатыр. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазақстандықтар айына 127 грамм шай тұтынады. Негізінен шай Қытай, Үндістан, Иран, Шри-Ланка, Пәкістан, Түркия және Кениядан әкелінеді.