Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы биыл қаңтар-қыркүйекте 2,5 млрд. долларды құрап отыр. Былтыр сәйкес кезеңде екі елдің тауар айналымы 2,3 млрдү доллар болды, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігі.
Жыл басынан бері Қазақстаннан Францияға экспорт 5 пайызға өсіп, 1,9 млрд долларға жетті. Қазақстаннан Францияға экспортталатын негізгі тауарлар: шикі мұнай, уран, титан және одан жасалған бұйымдар, күкірт, сутегі, инертті газдар және басқа бейметаллдар, электр қозғалтқыштары мен генераторлары.
Франциядан Қазақстанға мына тауарлар импортталады: вакциналар, қанның сарысуы, дәрілік заттар, электр трансформаторлары, гербицидтер тағы басқалары.