Қазақстанда баспа басылымдары салықтан босатылуы мүмкін

21

Халық арасында оқу мәдениетін сақтау мақсатында Қазақстанда баспа басылымдары салықтан босатылуы мүмкін. Мәскеуде өтіп жатқан «Құбылмалы әлемдегі БАҚ-тың дамуы» атты ТМД елдерінің медиафорумында Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Жеңісбекұлы осылай деді.

Нұрлыбек Жеңісбекұлы: «»Қазіргі таңда баспа БАҚ таралымының төмендеуі байқалады. Соған қарамастан, халық арасында оқу мәдениетін сақтау мақсатында мемлекет баспа басылымдарын тұрақты түрде қолдау шараларын қабылдап жатыр. Мәселен, түзетулер енгізу көзделуде. БАҚ туралы заңда баспа басылымдарын қосымша құн салығын төлемейтіндер тізіміне енгізу қарастырылған».

Ақпарат комитеті төрағасының орынбасарының айтуынша, 2018 жылы Қазақстанда 3 мыңға жуық БАҚ тіркелген болса, бүгінде 5 мыңнан асады. Бұл медиа саласының даму болашағы мүмкіндіктерінің бір дәлелі.