«ҚазМұнайГаздың» 30 млн. акциясы биржа арқылы сатылады

11

«ҚазМұнайГаз» компаниясына тиесілі 551 698 745 акцияның 30 505 974 акциясы биржа арқылы сатылады. Бір акцияның бағасы 8,4 мың теңге болады, деп хабарлады «Самұрық-Қазына» қорының қоғаммен байланыс департаменті.

Бүгінде қор «ҚазМұнайГаз» акцияларының басым бөлігіне – 90,42 процентіне иелік етіп отыр. Ал биржа арқылы сатылатын 30 миллион акция соның 5 процентін құрайды. Қалғаны ұлттық банкке тиесілі. Акцияны сатып алуға өтініш қабылдау 9 қарашада басталады. Институционалдық инвесторлар үшін 30 қарашада, ал бөлшек саудамен алатындар үшін 2 желтоқсанда аяқталады.