Қыстық жағармай бірден 31 пайызға қымбаттады

113
Жанармай қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда жағармай бағасы бір жылда 13% қымбаттады, ал қыстық түрі бірден 31% көтерілді, деп хабарлайды Energyprom.kz. Биыл 9 айда өндірушілер 4,6 млн тонна дизельді жағармай өндірді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9.7% артық.

2021 жылы 6,6% артып, 5 млн дизельді жағармай өндірілген болатын. Биыл да көрсеткіш жаман емес. Отандық компаниялар сыртқы және ішкі нарықты толық қамтамасыз етті. Өнім биыл 7,9% артық орындалды.

Дизельді жағар май бағасы қымбаттаған облыстар: Ақтөбе облысы , Абай облысы , Шығыс Қазақстан облысы. Ал Шымкент пен Жамбылда баға тұрақты. Түркістан облыстарында дизельді жағар май бағасы керісінше 1,8% арзандаған.