Шекарадан шетелдікті заңсыз өткізген ер адам қамауға алынды

48

Сарыағаш ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерімен бірге жедел-іздестіру іс-шаралары барысында заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған екі күдіктіні, яғни 1 шетелдіктің шекарадан заңсыз өтуіне көмектескен Қазақстан Республикасының тұрғынын ұстады.

Белгілі болғандай, ол Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына шекараны кесіп өтуге тырысқан Өзбекстан азаматы болып шықты. Құқық бұзушылар аудандық полиция бөліміне одан әрі тексеру үшін жеткізілді.
Белгілі болғандай күдікті ер адам осы қызметі үшін шетелдік азаматтан 300 000 теңгеден ақша алған.
Осыған орай тәртіп сақшылары заңды белшесінен басып, пайда тауып жүрген күдікті ұстап, оған ҚР ҚК-нің 394-бабы «Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру» бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сондай-ақ шетел азаматының шекарадан заңсыз өткені үшін ҚР ҚК-нің 392-бабы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту» бойынша іс қозғалып, қос азамат қамауға алынды.