Шымкент: Қоршаған ортаға зиян келтірген кәсіпорындарға 57 млн. айыппұл салынды

14

Шымкентте жыл басынан бері қоршаған ортаға зиян келтірген кәсіпорындарға 57 миллион теңгеден астам айыппұл салынды, 173 әкімшілік іс қозғалды. Сот 10 мекеменің жұмысын уақытша тоқтатқан.

Зауыттардың көбі индустриалды аймақта орналасқан. Олардың мұржасынан шыққан түтін арнайы сүзгіден өткізілмеген. Одан бөлек, сарқынды су құрамында зиянды қалдықтар табылған. Тіпті кейбірі ашық су көздерін ластапты.
Өндіріс орындарына жергілікті халықтың арызы бойынша тексеріс жүргізілген екен. Экологтар былтырғымен салыстырғанда заң бұзушылық дерегі жеті есеге артып отырғанын айтады.