Шымкентте су жаңа «Qarlygash» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Бақытты үй иелеріне Batsu компаниясы пәтер кілтін салтанатты түрде табыс етті. Мұнда тұрғындарға ыңғайлы өмір сүру үшін барлық жағдай жасалған. Автономды жылыту жүйесіне қосылған үйлер 24 сағат бойы күзетіледі.
Бұл «Батсу» құрылыс компаниясының жаңа тұрғын үй кешені. «Qarlygash» тұрғын үйінен пәтер алған бақытты жандарға компания басшылығы салтанатты түрде жаңа қонысының кілтін табыс етті.
Гүлмира Әбішева, BATSU компаниясының бас директоры: “Бұл тұрғын үй оңтүстік өңірдің тұрғындарына ыңғайлы етіп жасалған. Жобаны құрағанда өзіміздің менталитетке сай етіп арнайы жасадық. Кең зал, бөлмелері жылы әрі кең етіп жасалған. Әр үйде 2 лоджиядан қарастырылған”.
Тұрғын үйде әр пәтер автономды жылыту жүйесіне қосылған. Ал екі кірпіштен қаланған қабырғасы 51 сантиметрді құрайды. Сондықтан да бұл үйлер қыстың күні қаладағы ең жылы мекенге айналады.
“Qarlygash» тұрғын үйінен биыл жүз отбасы пәтерге ие болды. Ал келер жылдың басында тағы да осынша тұрғын қоныс тойын жасайды деп күтілуде.
Су жаңа тұрғын үй кешенінің аумағында бейнебақылау камерасы мен тәулік бойы күзететін кезекші мамандар жұмыс істейді.
Әмір Нұрмұқанов, BATSU компаниясының коммерциялық директоры: “Техникалық қызмет көрсететін компания аумақты үнемі тазартып отырады. Сондай-ақ үйлерді қызметкерлер тәулік бойы күзетеді. Ал бейнебақылау 24\7 сағат жұмыс істейді. Аптасына екі рет ылғалды тазалық жүргізіледі. Бізде кезекші сантехник, электрик мамандар да қарастырылған”.
Сапалы әрі ыңғайлы үйге дән риза болған тұрғындар, құрылыс компания өкілдерін қоныс тойларына шақырды.
Жаңа қоныс иесі Ақмарал Көмекбай үйді таңдарда ұзақ ойланған. Ол ғаламтор желісіндегі пікірлерді оқып, соңында «Қарлығаш» тұрғын үйін таңдауға шешім қабылдапты.
Ақмарал Көмекбай, тұрғын: “Мен алғашқылардың бірі болып көктем айында «7-20-25» бағдарламасы бойынша сатып алдым. Бөлемелері үлкен әдемі. Үй қаладан сыртта, тыныш аймақта орналасқан. Сол жері ұнады”.
Мемлекет басшысы тұрғындарға қолайлы жағдай жасау туралы тапсырма берген болатын.
Бұл пәтерлерді «7-20-25» бағдарламасы бойынша сатып алуға болады. Сондай-ақ жаңа үйді тұрғындардың құрылыс компаниясы мен Отбасы банк филиалдарынан қолма-қол ақшаға сатып алуға мүмкіндігі бар. Ал қосымша ақпарат алу үшін Batsu кеңсесіне хабарласуға болады.
Мекен-жайы: @batsu.kz +7 (771) 949 92-92 Қонаев даңғылы 89