Шымкентте Белорусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі жалғасуда

39

Шымкентте Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі жалғасуда. Мұнда келген әрбір тұтынушы сапалы аяқ киімді қолжетімді бағада сатып ала алады. Сатылымдағы өнімдер қой терісінен жасалып, шынайы былғарымен қапталған. Айта кетейік, жәрмеңке Мәделі Қожа көшесіндегі көркемсурет галереясының ғимаратында өтуде. Ол 27 қарашаға дейін жалғасады.

Сапалы өнімдер жәрмеңкесі жайлы ғаламтордан біліп, келген Юлия Хохлова өзіне ұнаған аяқ киімдерді таңдап көруде. Ия, расында да Беларусь аяқ киімдері өте сапалы дейді тұрғын.

Юлия Хохлова, Шымкент қаласының тұрғыны: «Өте қуаныштымын. Жәрмеңкенің біздің Шымкентте өтіп жатқанына. Өйткені беларусь өнімдері өте жайлы, барлық талаптарға сай сапалы, және бағасын да қалтамыз көтереді».

Беларусь аяқ киімінің жәрмеңкесінде 36-дан 44-ке дейінгі өлшемдегі әйелдер аяқ-киімдері, 40-тан 49-ға дейінгі өлшемдегі ерлер аяқ киімдері ұсынылған. Мұнда жаз, қыс мезгіліне арналған жалпы маусымдық аяқ киімдердің кең таңдауы бар. Аяқ киім негізінен проблемалы аяқтарға арналған. Сүйегі шығыңқы, кең жіліңшік, жалпы ортопедиялық аяқ киімдер.

Алена СОТСКОВА, сату жөніндегі менеджер: «Біз сіздердің қалаларыңызға бірінші рет келіп тұрған жоқпыз. Адамдар бізге сапалы әрі қолжетімді баға үшін келеді. Аяқ киімдердің барлығы таза былғарыдан, іші қой терісінен жасалған, табанында сырғып кетпейтін, су өткізбейтін негізі бар. Өнімнің жаңа жиынтығында 700 жұп аяқ киім бар».

Шымкенттегі Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі 27 қарашаға дейін жалғасады. Мәделі Қожа көшесіндегі халыққа қызмет көрсету орталығына қарама-қарсы орналасқан көркемсурет галереясының ғимаратында өтеді.

Акцияны ұйымдастырушы: ИП Макулов Сабыр Кадырович KZ56UWQ02390073