«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамындағы бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерінің қал-жағдайымен танысу, өзекті мәселелер болса, оның шешу жолын қарастыру мақсатында Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының №11 шығыс жекпе-жек түрлерінен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесу өтті.
Кездесуге «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек пен «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының №11 шығыс жекпе-жек түрлерінен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің басшысының орынбасары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Жаңабердиев Қайрат Жетібайұлы және спорт мектебінің қызметкерлері қатысты.
Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауымен және оны іске асыру шараларымен, сондай-ақ заңдарға енгізіліп жатқан өзгерістермен және толықтырулармен таныстырды.
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында «Сұранысқа ие болып отырған және жоғары білікті мамандардың тапшылығын азайту қажет. Ғылым, денсаулық сақтау, өндіріс, IT салаларының білікті мамандарына жеңілдік жасалады. Мемлекет оларға елімізде тұрақты тұру үшін виза береді. Шетел кәсіпкерлері он жылға виза рәсімдеп, Қазақстанда тұруға мүмкіндік алады. Бірақ, олар экономикамызға 300 мың доллардан астам инвестиция салуы қажет. Қуатты ұлттың діңгегі – халық. Ең бастысы, азаматтарымыздың денсаулығы мықты, білімі терең болуы керек. Кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орында тұруы қажет. Тағы да қайталап айтамын. Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Мен Ұлттық құрылтайда және «Жастар рухының» съезінде бұған арнайы тоқталдым. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды», — деген болатын.
Қатысушылардың көтерген мәселелері мен сұрақтарына жауап берді.