Түркиялық инвесторлар кілем фабрикасын ашуды жоспарлап отыр

28

Бизнес климаты тұрақты, халық саны көп шоғырланған Шымкентке бүгінде әлемнің әр түкпірінен инвесторлар қызығушылық танытып отыр. Күн сайын үшінші мегаполиске арнайы ат басын бұратын инвесторлар қатары көп. Әсіресе солардың арасында түркиялық компаниялардың шоқтығы биік.

Алдағы уақытта шымшаһарда өндіріс ошақтарының қатары артып, жұмыс орындары көбеймек. Оған инвестицияға қаражат құюға құмбыл алпауыттар сеп болмақ. Қаламызға әлемге әйгілі алпауыт компаниялар бет бұра бастады. Бұл әрине қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпалын тигізері анық.
Күні кеше Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов түркиялық инвестор “Milat Hali” компаниясының директоры Искандер Капланды қабылдады. Екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстар сөз болып, үшінші мегополис мүмкіндіктері жан-жақты айтылды.
Қонақтар қаладағы инвесторларға жасалып жатқан жағдайларға риза екендіктерін жеткізді. Арнайы экономикалық аймақтардан орын берілетіні, басқа да жеңілдіктер шетелдіктердің қолайына жағатыны анық. Кездесу барысында аталған компания құрылтайшылары одан әрі ынтымақтастықты арттыру мақсатында Шымкентте кілем және кілем бұйымдарын өндіруді іске асыруға мүдделі екендіктерін жеткізді.
Инвестициялардың жоспарланған сомасы шаршы метріне 10 миллион АҚШ доллары. Жоба жүзеге асқанда жаңадан 300 жұмыс орны ашылмақ. Бұл әрине қуанышты жаңалық. Дәл осы салада шымкенттік кілем шығаратын фабрикалар бар болғанымен олар нарықты толық қамтып үлгере алмайды. Сондықтан да компаниялар бәселестігі болғаны дұрыс, әрине.
Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: “Шымкенттің әлеуеті өте жоғары. Шаһарға инвестиция салушылардың қатары күннен-күнге артып отырғаны бізді қуантады. Халыққа пайдалы болатын әрбір жобаны қашан да қолдауға дайынбыз”.
Ал компания директоры Искендер Каплан өндірістің қала экономикасындағы экспорт үлесін арттыруға септігін тигізе отырып, жергілікті халықтың тұрақты жұмыспен қамтылуына басымдық беретінін атап өтті.