Бүгін еліміздің барлық аумағында саяси науқан өтуде. Бұл маңызды күнде Кентау қаласының тұрғындары да белсенділік танытуда.
Қаладағы №46 сайлау учаскесінде Галина Фёдорова қызымен бірге келіп, таңдауын жасады. Ұлттық киіммен келген этнос өкілі өз қолымен дайындаған бауырсақ, бәліштерін көпшілікке үлестірді. Сондай-ақ, елдің ертеңіне үлкен сеніммен қарайтын тұрғындар бұл күнді үлкен мерекеге теңейді.
– Еліміздің жарқын болашағы үшін сайлауда өз таңдауымды жасадым. Бұл күн мереке болғандықтан сәнді киім киіп келдім. Елімізде тыныштық болсын деп тілеймін, — дейді Галина Александрқызы.
Айта кетейік, Жалпы Кентау қаласы бойынша 35 сайлау учаскелері 55 932 сайлаушы тіркелген. Сайлау учаскелерінің барлығы қажетті материалдық-техникалық базамен толық қамтамасыз етілген. Бүгін қаладағы барлық қоғамдық көліктер таңғы сағат 07:00-ден бастап тегін қызмет көрсетуде.
Сайлау учаскелерінде алғаш рет дауыс беруге қатысқан жастарға сыйлықтар берілсе, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында «Ынтымақ» алаңында концерттік бағдарламалар ұйымдастырылуда. Сондай-ақ азық-түлік жәрменкесі өткізілуде.