Тұтынушы құқығын бұзған банктер, микроқаржы ұйымдарына 103 млн аса айыппұл салынды

37
фото Ел.кз

Тұтынушы құқығын бұзған банктер мен микроқаржы ұйымдарына 103 млн теңгеден аса айыппұл салынды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, азаматтардан биыл 23 мың өтініш, шағым түскен. Оның 71 пайызы банктердің жұмысына қатысты.

Былтырға қарағанда қаржы ұйымдарына шағым көп. Олар тұтынушылық кредит алар кезде сақтандыру шартын қоса бекітуді талап еткен. Қосымша ақылы кеңес беруге тырысқан. Артық комиссия алып, заңсыз айыппұл салмақ болған