Жәрмеңкеде 1400-ден астам бос жұмыс орындары ұсынылды

36

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігі «Халықты жұмыспен қамту» орталығының ұйымдастыруымен жұмыссыз жүрген азаматтар және «Теңізшевройл» ЖШС-нің қысқартылған азаматтарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеге 30 мекеме қатысып, 162 мекемеден 1400-ден аса бос жұмыс орындары ұсынылды. Мәселен, «Оңтүстік» экономикалық аймағында орналасқан «Назар-Текстиль» кілем тоқу фабрикасының өкілдері 11 мамандық бойынша азаматтарға тұрақты жұмыс ұсынды. 18-35 жас аралығындағы азаматтарды тоқымашы оператор, дизайнер, программист, станок жөнінен механик мамандарын жұмысқа шақырды. Кадр бөлімінің жетекшісі Фатима Мизанбайқызының айтуынша, мекеме тарапынан тасмалдау қызметі және түскі ас қарастырылған, айлық жалақы 100-220 мың теңге.
Жұмыс беруші мекемелер және жұмыс іздеушілер арасында байланыс орнатуды көздейтін іс-шара барысында мемлекеттік қолдау шаралары да айтылды. Жастар тәжірибесінен өту, әлеуметтік жұмыс орындары мен қоғамдық жұмыстарға қатысу, өз кәсібін ашуда мемлекет тарапынан берілетін грант бойынша, аз қамтылған отбасыға берілетін атаулы әлеуметтік көмек туралы кеңестер берілді.