Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу заң жүзінде жүзеге асады

40
Ал әскери үлгіде киініп алған мына балғын өскенде Отан қорғаушы болуды армандайды

Мәжілісте бірнеше заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу туралы шешім қабылданды. Соның ішінде заңнамаға әскери-партиоттық тәрбие мәселелері бойынша толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасы бар.

«Бұл заң жобасын Парламент депутаттарының тобы бастамашылық етіп, әскери-париоттық ұйымдарды тарта отырып, азаматтарды, оның ішінде мектеп оқушылары мен жастарды әскери-патриоттық тәрбеиелеу жөніндегі жүйелі жұмысты жүзеге асыру үшін құқықтық ая құру үшін әзірлеген. Комитет осы заң жобасын қарастырып, қорытынды әзірлеуге дайын», – деді Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан палатаның жалпы отырысында.