Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жолдардың ашық картасы мобильдік қосымшасын іске қосуды жоспарлап отыр,- деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
«Бұл жүргізушілерге автожолдардың ахуалы жайлы, жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының орналасқан жері туралы ақпарат беріп қана қомай, жолдардың ақылы учаскелері және кері байланысты орнатуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ауа райы мәліметі жөніндегі ақпарат та қосымшада болады», — делінген хабарламада.
Мобильді қосымшаны іске қосу алдағы қараша айының соңына жоспарланып отыр.
Министрлік сонымен қатар бүгінде жол секторын цифрландыру мәселесі қолға алынғанын да атап өтті. Нәтижесіенде ақауларды дер кезінде анықтап, жою арқылы автожолдарды жөндеуге жұмсалатын шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік туындаған.
«Осылайша, күрделі шығындар азаяды деп болжануда. Биыл осы жүйенің көмегімен республикалық маңызы бар жолдардың 67%-не (2023 жылдың соңына дейін 100%) жол жамылғысының ақауларына бағалау жүргізу жоспарланған», — дейді ведомстводағылар.