Мемлекет басшысының жарлығымен Қанат Мусин Әділет министрі лауазымынан босатылды. Ол бүгін мәжілістің жалпы отырысында конституциялық сот судьясы қызметіне тағайындалды.
ЕҰУ ғалымы Еркін Оңғарбаев пен Қазақ гуманитарлық заң университетінің ғалымы Сергей Ударцев те Конституциялық сот судьясы болды.
Айта кетері, конститутциялық сот өз жұмысын келесі жылдан бастайды.