Әкімшілік процестік кодекстің тиімділігі талқыланды

48

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты «Әкімшілік рәсімдік — процестік кодекс нормаларын сот ісін жүргізуде қолданудың тәжірибелері мен мәселелері» тақырыбында семинар өткізді. Судьялар, адвокаттар мен консультанттардың қатысуымен өткен жиында, қолданысқа енгеніне 1 жыл болған Әкімшілік рәсімдік процестік кодекстің тиімділігі сөз болды.

Әкімшілік рәсімдік процестік кодекстің қолданысқа енгеніне 1 жылдан астам уақыт өтті. Осы мерзімде әкімшілік талап қоюдың кейбір нысаналары бойынша бірыңғай сот тәжірибесі қалыптасып жатыр. Әкімшілік әділет-заман талабы, халықтың үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасының тірегі.

Бүгінде сотта қаралып жатқан істердің бір бөлігі жер теліміне қатысты. Судьялардың айтуынша егер де арыз шағымдардағы талаптардың заңдылығы бастапқыда адвокаттармен мұқият тексеріліп, анықталса іс сотқа жіберілмей, бұл жайында арызданушыға түсініктеме берілетін еді.

Семинарға қатысушылар » Әкімшілік құқық нормалары жұмысын жүргізуде қолдану тәжірибесі мен мәселелері жөнінде өз пікірлерін ортаға салды. Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше әрбір көтерілген мәселе, ұсыныстар мен сын ескертпелер хатамаға түзіліп ол бойынша тиісті жұмыстар атқарылады.