Әл-Фараби алаңы жаңа жылдық ертегілер әлеміне айналды

88

Үшінші мегаполисте жаңа жылдық мереке 3 күнге созылады. Қала тұрғындарына естен кетпес мерекелік әсер сыйлау үшін Арбат алаңы мен Қиял Әлемінде 200 шырша орнатылған. Онда 31 күнгі таңнан бастап, 2023 жыл кіргенге дейін қала халқын керемет қойылымдар мен гала концерт күтеді.

Қиял Әлемі саябағына 200 шырша қойылды. Қаламыздағы бас шырша орналасқан саябақ ертегідегідей керемет күйге енді. Түрлі түсті жарық шамдар, жаңа жылдық ойыншықтар мен сыйлықтар демалыс алаңының көркін кіргізді. Ал әр басқарма қала тұрғындарына арнап жаңа жылдық құттықтау баннерін орнатып жатыр.

Береке Дүйсебеков, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысы: «Өздеріңіз білесіздер бірнеше жыл қатарынан карантин болғанына байланысты жаппай халықтық жаңа жыл тойланбай қалды. Енді соған байланысты әкімдік тарапынан керемет көңіл күй сыйлауға тырысып жатырмыз. Қазір белсенді түрде дайындық жұмысы жүргізіліп жатыр»

Әл-Фараби алаңында 31 желтоқсаннан бастап, мерекелік іс-шаралар басталады. Таңнан бастап қойылымдар мен шеру өтеді. Жаңа жылдық көңіл-күй 3 күнге созылады деп жоспарлануда. Мұның бәрі де халыққа қолайлы болу үшін бір алаңда ұйымдастырылып отыр.

Рашид Мыңбаев, Әл-Фараби ауданының әкімі: «Қала тұрғындары, жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Отбасыларыңызға аманбық болсын. Атқарып жатқан жұмыстарыңызға береке тілеймін. Үшінші мегаполисіміз дами берсін»

Бас алаңда өнерпаздардың қатысуымен гала концерт өтеді. Қала тұрғындарын аудан әкімдері мен басқарма басшылары естен кетпес кештің бір бөлшегі болуға шақырады.