Ашық аспан астындағы “Отырар қалашығы” тарихи музейі ашылды

46

«Ежелгі Отырар қаласын ішінара қалпына келтіру» жобасы аяқталды. Тариха орын ашық аспан астындағы музей ретінде құрылды.

Жаңа нысанды тексеруге келген Дәурен Абаев бірқатар турбизнес өкілімен кездесті. Ал ғалымдар ежелгі қалашық аумағында Ақ Орда билеушісі Ерзен хан салған Ханаканың орнын тапқан. Сонымен қатар, мамандар күйдірілген кірпіштен қаланған мешіт пен Бердібек сарайын ішінара реставрациялады.

Қалашықты қалпына келтіру жұмыстары 3 жылға созылды. Мұнда ескерткіштерді сақтау және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тарихи орын аумағында бейнебақылау камералары орнатылды. Тарихи қалашық туристер қабылдауға сақадай сай.