Атаулы әлеуметтік көмек алып жүрген азаматтар банкроттық жариялауына болады

49
қалалық жұмыспен қамту орталығы

Атаулы әлеуметтік көмек алып жүрген қазақстандықтардың банкроттық жариялауына болады. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеме жасады.

«Атаулы әлеуметтік көмекті 6 ай бойы алған азамат өзін банкрот деп жариялай алады. Заң жобасын әзірлеу барысында жұмыс тобы мен депутаттар осындай ұсыныс жасады. Атаулы әлеуметтік көмек алатын азамат өзін банкрот деп жариялағысы келсе, оның атында жеке мүлік болмауы тиіс. Сонымен қатар, банкке берешегі болса, есеп айырысу рәсімін жүргізуі қажет», – деді Ержан Біржанов Сенатта өткен азаматтардың төлем қабілеттілігі және банкроттығы туралы заң жобасын талқылауға арналған жиын барысында.

Оның айтуынша, соттан тыс банкроттық тек банктер, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлық агенттіктер алдындағы берешегі бойынша жүргізіледі. Осыған дейін Ержан Біржанов елімізде несие және басқа да қарызын төлемей жүрген 7 млн борышкер барын мәлім етті. Сонымен қатар, жиын барысында  алимент  кешірілетін қарыздар қатарына жатпайтыны айтылды.

Ал, банкрот болып танылған азаматтарға 5 жылға дейін несие берілмейді .