Ажырасуға асықпа…

52

Отбасы – мемлекеттің тірегі» дегенді жиі естиміз. Яғни, отбасы құндылығы жоғары, шаңырақ татулығы берік сақталатын елдің келешегі бар. Дегенмен, кейінгі кезде құндылықтар құлдырап, шаңырақ шайқалуы оңай болып кетті.

Сондықтан, бүгінгі сот процесінде тараптарды жарастыру, мәмілеге келтіру мәсе¬лесі, яғни, медиация институтын дамыту басты ұстанымда. Медиация – дауларды рет¬теудің бейтарап, әділ түрі. Бұл отбасы қарым-қатынасын реттеуде де өзекті мәселе.
Күнделікті сот тәжірибесінде түрлі тағдырға куә болып жатамыз. Мысалы, бес жыл бұрын отау көтерген Арман мен Махаббат (кейіпкер есімдері этикалық себепке байланысты өзгертілген) тағдырын алайық. Жастар бірін-бірі сүйіп қосылған, тату-тәтті тұрмыс кешкен. Бес жылда үш перзент дүниеге келген. Сөйтіп арада болмашы бір жанжалдың себебінен келіншек төркініне кетіп қалған. Алғашқы ашумен ажырасу жөнінде сотқа арыз беріп тастаған.
Аталған азаматтық іс тіркеуден соң, судья медиаторға (татуластырушы судья) беріліп, судья медиатор татуластыру рәсімдері шеңберінде тараптарға сот ісінің салдары туралы түсіндірген болатын. Бұл туралы Түлкібас аудандық сотының хабарлады.
Отбасын сақтап қалуға тырысқан жас жігіт, татуласу үшін жазбаша өтініш жазып, заң шеңберінде алты ай мерзім сұрады.
Осы аралықта Махаббат та райынан қайтып, арызынан бас тартатындығы және азаматтық істі қысқартуды сұрап жаз¬баша арыз жазып, сот отырысының қар¬саңында жас жұбайлар өздерінің татуласқанын мәлімдеп, істі қысқартуды сұрады.
Судья екі жақты түгел тыңдап, азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды. Іске тігілген «Неке қию туралы» куәліктің түпнұсқасы талапкерге қайтарылып берілді.
Адамның ашуы алдымен келіп, отбасын ойран-топыр етіп кетсе де, соңынан келген сау ақылдың бәрін жөндеп, сынғанды бүтіндеп, үзілгенді жалғап жіберетін қасиеті бар. Жоғарыда мысал еткен жандардың ақылға келіп, ұл-қызының болашағы үшін ошағын қайта жаққаны – нағыз адамшылық!