Биыл прокатқа шыққан фильмдер 20 млрд теңге ақша жинаған.ҰКҚМО басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Шөкенов қазіргі заманғы отандық нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы егжей-тегжейлі айтып, проблемалар бар екенін, олардың шешіліп жатқанын және мемлекет тек өндіріске ғана емес, сонымен қатар қазақстандық фильмдерді ілгерілетуге де көп көңіл бөліп жатқанын атап өтті
Шөкеновтің айтуынша, 2022 жылы (қарашаға дейін) Қазақстанның прокат нарығы 20 миллиард теңгенің деңгейіне жетті, бұл пандемияға дейінгі көрсеткішке жақын. 15 миллион билет сатылды, орташа билет бағасы 1300 теңгенің төңірегінде, бұл негізінен онша қымбат емес.
Бауыржан Шөкенов, ҰКҚМО басқарма төрағасының орынбасары:»«Ең қызығы, осы 20 миллиардтың қырық пайызын, яғни 8 миллиардқа жуығын отандық фильмдер жинаған. Биыл прокатқа шыққан 450 фильмнің 64-і отандық. Бұл фильмдердің жалпы санының 14 пайызы және олар бізге пайданың 40 пайызын берді. Бұл — орасан зор көрсеткіш», — деп атап өтті ол.