COVID-19: Шымкентте науқастар арасында 8 жүкті әйел бар

22

Үшінші мегаполис 2022 жылдың 5 ақпаннан бастап «жасыл» аймақта. Қазіргі таңда Шымкенттің эпидемиологиялық ахуалы тұрақты.

Бұл туралы брифингте қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары мәлім етті. Оның айтуынша “Стационарлық емдеу мекемесінде қазір КВИ-ден 14 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде 18 жасқа дейінгі 4 бала мен 8 жүкті әйел” бар.

Үшінші мегаполисте жыл басынан бері COVID-19 инфекциясымен 9472 жағдай тіркелген. Оның ішінде 6210-ы симптоммен, симптомсызы 3262. Сонымен қатар 18 жасқа дейінгі балалар арасында 2297, ал 1 жасқа дейін балалар арасында 737 науқас анықталған.